2026 жылғы 13 шілдеде мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің балалары «Ғабдул-Уахит Хазірет» кесенесіне экскурсия жасады. Экскурсия барысында балалар кесененің тарихымен, орналасқан жерімен және айналасындағы табиғаттың әсемдігімен танысты. Сондай-ақ мешіт имамымен сұхбаттасып, рухани-танымдық маңызы зор мәліметтер алды.
Қайтар жолда балалар адам қолымен жасалған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндерін тамашалап, ерекше әсерге бөленді. Экскурсия балаларға өте ұнап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
https://www.instagram.com/reel/Dazb3X9Ialk/?igsh=MXdjZDY0Y29rcHkzOQ==




