2026 жылғы 15 маусымда мектеп жанындағы лагерьде «Qazaq Power» ұлттық салт-дәстүрлер мен мемлекеттік рәміздерге арналған танымдық викторинасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін сынап, сұрақтарға белсенді түрде жауап берді.
Сонымен қатар, «Өнерім саған, елім!» тақырыбында шығармашылық жұмыс өткізіліп, балалар туған еліне деген сүйіспеншілігін сурет арқылы бейнелеп, өз ойлары мен қиялдарын шығармашылықпен жеткізді.
Іс-шара соңында лагерь тәрбиеленушілері Маралды көліне саяхат жасап, табиғат аясында тамаша демалыс өткізді. Олар көлдің әсем табиғатын тамашалап, таза ауада серуендеп, көтеріңкі көңіл күймен ұмытылмас әсерге бөленді.
https://www.instagram.com/reel/Da0YC41KfS9/?igsh=MWFta3NzM2N3NW1wZA==




