2026 жылғы 3 шілдеде мектеп жанындағы лагерьде балаларға арналған «Қараңғылықтағы шығармашылық» атты қызықты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Алғашқы тапсырмада балалар көздерін жұмып, өз қиялдарына сүйене отырып сурет салды. Бұл тапсырма олардың шығармашылық қабілеттерін, зейінін және қиялын дамытуға бағытталды.
Келесі кезеңде балалар екі қатарға бөлінді. Бірінші қатардағы әр баланың арқасына ақ парақ бекітілді. Екінші қатардағы бала сол параққа белгілі бір фигураны салып, бірінші қатардағы бала оны сезіну арқылы тақтаға дәлме-дәл бейнелеуге тырысты. Бұл ойын балалардың қызығушылығын арттырып, ұйымшылдыққа, зейінділікке және бір-бірін түсіне білуге баулыды.
Іс-шараның жалғасында балалар өрт сөндіру бөлімшесіне экскурсия жасап, өрт сөндірушілердің қызметімен танысты. Мамандар балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтып, арнайы техникалар мен құрал-жабдықтарды көрсетті.
Күн өте қызықты, мазмұнды әрі танымдық деңгейде өтті. Балалар көтеріңкі көңіл күймен көптеген жақсы әсер алып, үйлеріне қуана тарқасты.
https://www.instagram.com/reel/Da0ZYmWotYM/?igsh=eXl2NDRkYTdrMTVj




