ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

«АДАЛ АЗАМАТ» ЖӘНЕ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚҚА БІРГЕ ҚАДАМ!2026 жылғы 8 қазанда мектебімізде «Адал Азамат» және «Заң мен тәртіп» бағдарламалары аясында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған Бірыңғай профилактикалық күн ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, адалдық пен парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, қауіпсіз мінез-құлық пен салауатты өмір салтын насихаттау.
Бірыңғай күн аясында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес танымдық, тәрбиелік және спорттық іс-шаралар өткізілді.
«Қауіпсіздік әліппесі: ауладан интернетке дейін» атты танымдық викторинаға 5 «А», 5 «Б» сынып оқушылары қатысты. Іс-шараға Шарбақты ауданы ПБ ҚҚТ ЮПТ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Токпаева Мирамгүл Қалымқызы арнайы қатысып, оқушыларға жол қозғалысы ережелері, қоғамдық орындардағы тәртіп, интернет қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Танымдық викторина мектептің аға тәлімгері Шаку З. ұйымдастыруымен өткізіліп, оқушылардың қауіпсіздік ережелері жөніндегі білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.
«Қозғалыс – өмір: дұрыс жолды таңда!» атты спорттық эстафетаға 6 «А», 6 «Б» сынып оқушылары белсенді қатысты. Мектептің спорт нұсқаушысы Досымханов Т.Е. мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткен жарыста оқушылар ептіліктерін, шапшаңдықтарын және командалық бірліктерін көрсетті. Спорттық шара арқылы салауатты өмір салтын ұстанудың, бос уақытты тиімді өткізудің және дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығы насихатталды.

 

«Менің денсаулығым – менің жауапкершілігім: жеке шекаралар және қауіпсіздік» тақырыбында 9 «А», 9 «Б» сынып оқушыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді. Кездесуге денсаулық сақтау саласының маманы, дәрігер-терапевт Нұрқайларова Гүлден Ғалымқызы қатысып, денсаулықты сақтау, жеке гигиена, зиянды әдеттердің алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық мәселелері жөнінде маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, мектеп психологі Смайлова А.С. жеке шекараны сақтау, қауіпсіздік ережелерін ұстану және өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
«Заң іс жүзінде: сенің құқықтарың және нақты жауапкершілігің» тақырыбында 10–11 сынып оқушылары арасында дебат турнирі ұйымдастырылды. Тарих пәнінің мұғалімі Абдугалиева А.А. ұйымдастыруымен өткен пікірсайыста оқушылар жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілік және құқықтық мәдениет мәселелерін талқылады. Қатысушылар өз көзқарастарын дәлелдермен жеткізіп, сыни ойлау, пікір алмасу және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын көрсетті.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруға, қауіпсіз білім беру ортасын нығайтуға, өзара құрмет пен жауапкершілік мәдениетін дамытуға бағытталды.
Жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығы мен денсаулық мәдениетін арттыруға үлес қосып, тағылымды кездесулер өткізген полиция аға лейтенанты Токпаева Мирамгүл Қалымқызына және дәрігер-терапевт Нұрқайларова Гүлден Ғалымқызына шынайы алғысымызды білдіреміз!
Заңды құрметтеу – саналы азаматтың міндеті, адалдық – жарқын болашақтың негізі!
Адал азамат – әділетті қоғамның тірегі, қауіпсіз болашақтың кепілі!

https://www.instagram.com/reel/DePN7hZOgez/?exln=MXhibHJ1bDdwbTVlaA==

© 2026. Все права защищены.