МЕКТЕБІМІЗДЕ АПТАЛЫҚ САПТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ2026 жылғы 16 қараша күні мектебімізде кезекті апталық саптық жиын ұйымдастырылды.
Қараша – Әділдік және жауапкершілік айы.
Аптаның дәйексөзі: «Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі».
Жиын барысында өткен аптада атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы аптаға жоспарланған іс-шаралар таныстырылды.
Сонымен қатар, түрлі байқаулар мен олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларымыздың марапаттары табысталды.
Атап айтқанда:- Ауыл мектептері оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде Қанат Жанеля І орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Керей Алуа ІІІ орынға ие болды.
-«Time Out» командасы «Ұланбыз – ұлттың үміті. Жайдарлы Жас Ұлан» КТК байқауының аудандық кезеңінде І орын, облыстық кезеңінде ІІІ орын иеленді.
-7 «Б» сынып оқушысы Айтпай Нұрсұлтан Павлодар облысының құрама командасы сапында республикалық футбол жарысында ІІ орын алып, «Үздік ойыншы» атанды.Сондай-ақ мектепішілік пәндер олимпиадасының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Жеңімпаз оқушыларды, олардың ұстаздары мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Әр жетістік – табанды еңбек пен ізденістің нәтижесі.
Жиын соңында мектептегі тәртіп, тазалық, сабаққа қатысу және кезекшілік жұмыстарының қорытындысы айтылды.
Жаңа оқу аптасы баршамызға сәттілік, жақсы жаңалықтар мен толағай табыстар әкелсін.
https://www.instagram.com/reel/Df1yi6PODMG/?knvt=MTF6bnUxYmR2aWF6aA==




