2026 жылғы 13 қарашада мектебіміздің кітапханасында қазақтың көрнекті ағартушысы, ұстаз әрі жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Ұлы даланың ұлы ұстазы – Ыбырай» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты – оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің әдеби мұрасымен кеңірек таныстыру, олардың көркем сөзге деген қызығушылығын арттыру және мәнерлеп оқу шеберлігін дамыту.
Сайысқа 5–7-сыныптардан 12 оқушы қатысты. Олар Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін, әңгімелерінен үзінділерді және ағартушыға арналған шығармаларды жатқа мәнерлеп оқыды. Қазылар алқасы қатысушылардың мәтінді қатесіз оқуын, сөздерді анық айтуын, дауыс ырғағын орынды қолдануын, шығарма мазмұнын жеткізу шеберлігін және сахна мәдениетін бағалады.
Сайыс қорытындысы
- І орын — Каиртасов Нұрасыл, 5 «Б» сыныбы
- ІІ орын — Қуатәлі Нұрсылан, 6 «А» сыныбы
- ІІ орын — Ерген Нұрислам, 6 «А» сыныбы
- ІІІ орын — Болатжан Меруерт, 6 «А» сыныбы
- ІІІ орын — Макишева Айжұлдыз, 6 «А» сыныбы
- ІІІ орын — Баделхан Нұрсұлтан, 6 «Б» сыныбы
Номинация иегерлері
- «Мәтінді жатқа оқу шебері» — Алейбек Айару, 7 «Б» сыныбы
- «Үздік дауыс мәнері» — Өмірзақ Жұмагүл, 5 «А» сыныбы
- «Шығарма мазмұнын шебер жеткізуші» — Серік Алтынбақ, 6 «А» сыныбы
Сайсқа қатысқаны үшін Нұрдыбек Әмірге (6 «А» сыныбы), Еркін Жұпарға (5 «А» сыныбы) және Амангелді Аминаға (5 «Б» сыныбы) сертификат табысталды.
Жүлдегерлер мен номинация иегерлерін құттықтаймыз! Сайыста өнер көрсеткен оқушыларға және оларды қолдаған ұстаздарға алғыс білдіреміз. Жас өнерпаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз.
https://www.instagram.com/reel/Df2XzrDOqGh/?evlk=MWMxbjg2MGJvdHI1NQ==




