ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

ЖАҢА ОҚУ АПТАСЫ – ЖАҢА ЖЕТІСТІКТЕР!2026 жылғы 23 қарашада А. Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде дәстүрлі апталық саптық жиын өтті.
Жиын барысында аптаның «Әділетте берік болсаң, аяғың таймайды!» атты дәйексөзі таныстырылып, оқушыларға адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарының маңыздылығы түсіндірілді.
Саптық жиында өткен аптадағы мектеп өмірінің маңызды оқиғалары мен оқушыларымыздың жетістіктері қорытындыланды.
Мектебіміздің мақтаныштары:
«Ұлы даланың ұлы ұстазы – Ыбырай» мәнерлеп оқу сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жетістіктері атап өтілді.
«Қыз еркем – қылығымен көркем» аудандық байқауында оқушыларымыз І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
Астана қаласында өткен ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиадада 11-сынып оқушысы Қанат Жанель орыс тілі пәнінен ІІІ орын иеленді. Жетекшісі – Есимханова А. М.
Діни экстремизмнің алдын алуға арналған облыстық театр фестивалінде мектебіміздің шығармашылық ұжымы қатысушы дипломымен марапатталды. Ал 11-сынып оқушысы Радат Алмаз «Үздік актер» аталымын жеңіп алды.
Сонымен қатар аудандық конкурстар мен мектепішілік пәндік олимпиадада жүлделі орындарға ие болған оқушыларға дипломдар табысталып, олардың білім мен өнер жолындағы жетістіктері атап өтілді.
Жиын барысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге құрмет көрсетіліп, олардың жетістіктері өзге оқушыларға үлгі ретінде дәріптелді.
Сонымен қатар кезекші сынып оқушылары өткен аптадағы мектеп тәртібі мен кезекшілік жұмысының қорытындысын таныстырды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз артып, алар асуларыңыз биік болсын!
Жаңа оқу аптасы барша ұстаздар мен оқушылар үшін табысты, нәтижелі әрі жарқын жаңалықтарға толы болсын!

https://www.instagram.com/reel/DgHYr8ZOtaU/?avpt=N3NzcHN0OHR3M3Ni

© 2026. Все права защищены.