«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 25 қазан – Республика күніне орай кітапханада «Республика күні – елдігімнің бастауы» атты викториналық ойын ұйымдастырылды.
Мақсаты – оқушыларға Республика күнінің маңызын түсіндіру, Қазақстан Республикасының тарихы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық құндылықтары мен жетістіктері туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштікке және елін құрметтеуге тәрбиелеу.
Викториналық ойын барысында қатысушыларға еліміздің тарихы, тәуелсіздігі, мемлекеттік рәміздері, Ата Заңы және туған жер туралы түрлі сұрақтар қойылды. Оқушылар өз білімдерін ортаға салып, сұрақтарға белсенді түрде жауап берді. Ойын қызықты әрі тартымды өтіп, қатысушылардың танымдық қабілеттерін арттыруға ықпал етті.
https://www.instagram.com/reel/De1hD2Ju5WH/?psln=NWd4a3g2ZzhqZnQ4




