2025 жылғы 28 қарашада Ұлттық мектепішілік лига аясында шахматтан аудандық турнир өтті. Аталған жарысқа ауданның білім беру мекемелерінен 10-нан аса команда қатысты.
Зияткерлік сайыс нәтижесінде Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ командасы III орынды жеңіп алып, үздік үштіктен лайықты орын алды.
Команда құрамында:
1. Қуанышұлы Өміртай
2. Құрмашев Айбар
3. Нұрдыбек Әмір
4. Хамит Жансая
Оқушылар өз білімдері мен ойын стратегияларын сауатты қолданып, мектеп абыройын асқақтатты.
Жеңімпаздарды және олардың еңбектеріне бағыт-бағдар берген жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Болашақта да жаңа жетістіктер мен биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз.





