2025 жылғы 5 желтоқсанда Шарбақты ауданының білім беру мекемелері арасында Ұлттық мектепішілік лига аясында, тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Жарысқа ауданға қарасты 7 ауылдан 7 команда қатысып, оқушылар өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті.
5–6 сынып оқушылары арасында өткен жарыста
Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ командасы I орынды жеңіп алды.
Команда құрамында:
Қуанышұлы Өміртай
Құрмашев Айбар
Балагазина Зура
Айтбай Үкіліай
7–8 сынып оқушылары арасында өткен командалық жарыста да
Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ командасы тағы да I орынға ие болды.
Команда құрамында:
Қуанышұлы Нартай
Айдос Нұрсұлтан
Сансызбаева Әдина
Серік Нұрсәуле
Екі команда да облыстық кезеңге жолдама алды.
Жеңімпаз оқушыларымызды және жетекшісі Жұмадиров Т.М. жеңістерімен құттықтаймыз!





