ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
3
Сәуір
2026

Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, олардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру – басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта 6-сынып оқушылары арасында STEM бағытындағы олимпиада ұйымдастырылды. Бұл зияткерлік сайыс оқушылардың инженерлік, математикалық және жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

STEM ARENA олимпиадасы Павлодар облысы білім басқармасының қолдауымен «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат» КММ тарапынан ұйымдастырылып, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне және қатысушылардың әділ бағалануына мүмкіндік жасалды. Іс-шараның негізгі мақсаты – дарынды оқушылардың зерттеушілік әлеуетін дамыту, сондай-ақ оларды ерте кәсіби бағдарлауға ықпал ету болды .STEM ARENA олимпиадасында қатысушылар командалық форматта жұмыс істеді. Әр команда берілген тапсырма бойынша өз жобасын дайындап, оны қорғады. Тапсырмалар «Инженерлік іс», «Дизайн», «Жаратылыстану ғылымдары» және «Математикалық сауаттылық» бағыттарын қамтыды. Оқушылар өз зерттеуінің мақсатын анықтап, тәжірибе жүргізіп, нәтижесін талдап, қорытынды жасады. Аталған зияткерлік додада 6-сынып оқушылары Исмагул Ғалымжан, Қуаныш Өміртай, Манап Айнияз, Ерғалым Жансерік, Қайырболат Шахмұрат III дәрежелі дипломмен марапатталып, жүлделі III орынды иеленді. Бұл жетістік – оқушының білімге деген қызығушылығының, шығармашылық ізденісінің және табандылығының нәтижесі.Осындай олимпиадалар оқушылардың тек білімін ғана емес, сонымен қатар олардың командалық жұмыс, жауапкершілік және креативті ойлау қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Болашақта да осындай жетістіктер жалғасын табады деген сенімдеміз.

стем3

11
Наурыз
2026

«Ақшағала» Республикалық хореографиялық сайысқа қатысып, “Қарлығаш” би тобы өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Мақсаты:
Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық және заманауи би өнерін насихаттау, сахналық мәдениетін қалыптастыру және дарынды оқушыларды қолдау.
Осы жетістік ұжымның еңбегі мен өнерге деген қызығушылығының нәтижесі болып табылады.

ббь

11
Наурыз
2026

2026 жылғы 20 ақпанда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Шарбақты (теміржол) шекаралық бақылау бөлімімен бірлесіп, аудан орталығындағы мектеп оқушылары арасында әскери-спорттық ойын өткізілді.
Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскери дайындыққа баулу, достық пен бірлік, ынтымақтастық қасиеттерін дамыту.
Ойынға А.Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі, №3 ЖОББМ және ГС бар ЖОББМ оқушылары қатысып, ептілік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша:
🥇 «Жігер» командасы (А.Құнанбаев атындағы ЖОББМ) – І орын;
🥈 «Ұлан» командасы (ГС бар ЖОББМ) – ІІ орын;
🥉 «Алға батыр» командасы (№3 ЖОББМ) – ІІІ орын.
Жарыс жоғары деңгейде өтіп, жас сарбаздардың рухын шыңдаған тағылымды әрі маңызды шара болды.

https://www.instagram.com/reel/DU-fbJtiC5Z/?igsh=MXRieWJ2NjQ1OGRzOA==

11
Наурыз
2026

2026 жылғы 16 ақпанда Балалар музыка мектебінің базасында «Сөз бен саз» атты аудандық байқау өтті.
Аталған байқауда мектебіміздің оқушысы Нұрдыбек Әмір «Жас күйші» номинациясы бойынша қатысып, мектеп намысын абыроймен қорғап, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Жас өнерпазымызды жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, шабыт пен жаңа белестер тілейміз!

https://www.instagram.com/reel/DU4YPb8CMAc/?igsh=NHR1b2p4eHJkcGtk

11
Наурыз
2026

“Ұшқыр ой” дебат тобы аудандық дебат турнирінде І ОРЫН иеленді 🏆
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін әрі дәлелді жеткізуге үйрету, көшбасшылық пен шешендік дағдыларын қалыптастыру.
Қатысушыларымызды құттықтаймыз, жеңістеріңіз көп болсын!

https://www.instagram.com/reel/DUinGhciFA_/?igsh=MWFseG1uaG5jOXdpMQ==

15
Қаңтар
2026

2026 жылғы 5-6 қаңтар аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиада нәтижесінде мектебіміздің 2 оқушысы жүлделі орынға жайғасты.

Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері 10-сынып оқушы Қанат Жанеля. Пән мұғалімі Есмиханова Айтжамал Мадатовна.

Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері 10-сынып оқушысы Бауыржанқызы Мөлдір. Пән мұғалімі Камелева Журсан Мубараковна. 

мөля

15
Қаңтар
2026

2025 жылғы 9-13 желтоқсан аралығында Астана қаласында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі өтті.

Олимпиаданың басты мақсаты – еліміздің ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының таланты мен қабілеттерін анықтау, дамыту және қолдау үшін оңтайлы жағдай жасау, академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына ықпал ету.

Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Қанат Жанеля Павлодар қаласы құрамасының командасымен республикалық жарысқа қатысып, арнайы грамотамен марапатталды.
Пән мұғалімі Есимханова Айтжамал Мадатовна.

жанел1

15
Қаңтар
2026

2025 жылғы 12 желтоқсанда Павлодар қаласы Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы орта білім беру мектебінде Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты – қазақ халқының көрнекті ойшылы, философ-ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын насихаттау, жас ұрпаққа туған жерге сүйіспеншілік пен азаматтық ұстаным қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін дамыту.

Байқау бес бағыт бойынша жүргізілді: «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген…» (ақындар мүшәйрасы); «Бас болып өнер білсең…» (ғылыми жоба қорғау); «Білімді зерек адам болам!» – десең…» (эссе жазу); «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» (тұлғалар туралы деректерді талдау); «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» (тұлғалар туралы деректерді талдау).

“Білімді зерек адам болам!” – десең…» (эссе жазу) бағытында ІІ дәрежелі дипломды мектебіміздің 11-сынып оқушысы Бауыржанқызы Мөлдір иеленді. Пән мұғалімі Камелева Ж.М.

“Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар” (тұлғалар туралы деректерді талдау) бағытында Бас жүлдені - Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Ергенқызы Жансұлу қанжығалап, республикалық кезеңге жолдама алды. Пән мұғалімі Серигхан А.С.

жансұлу 

 

© 2026. Все права защищены.