2025 жылғы 3 қараша күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында барлық сыныптарда «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында қауіпсіздікке бағытталған тәрбие сағаттары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың адалдық, еңбексүйгіштік, жауапкершілік қасиеттерін дамыту, сонымен қатар өз өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болды.
Сабақтар барысында оқушылар жасанды интеллект мүмкіндіктері, үйдегі және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік шаралары, әлеуметтік желідегі қауіпті ойындардан сақтану жолдары, денсаулықты сақтайтын пайдалы әдеттер, халықаралық көмекке шақыру белгілері, қиын жағдайдағы достық пен жанжалда достарға қауіпсіз көмек көрсету тәсілдері, күмәнді келісімдерден аулақ болу және зорлық-зомбылықтан қорғану тақырыптары бойынша пікір алмасып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.





