2025 жылғы 7 қарашада «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектембімізде 9–11-сынып оқушылары арасында мобильді телефон арқылы анонимді сауалнама өткізілді.
Сауалнаманың негізгі міндеті – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ оқу орындарында құқыққа қарсы іс-әрекеттердің салдары туралы оқушылардың түсінігін қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты – балалардың мектепте және үйде өздерін қауіпсіз әрі жайлы сезіну деңгейін анықтау, сондай-ақ буллинг (қорлау, мазақ ету) жағдайларының алдын алу бойынша мәліметтер жинау.
Сауалнамаға жауапты: Смаилова А.С.
https://www.instagram.com/reel/DQ_1xUoiJXV/?igsh=MWI5aWt0YnkwMjFsNQ==




