ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел

2025 жылдың 19 қарашасында еліміздің барлық өңірлеріндегі білім беру мекемелерінде 7–11 сынып оқушылары арасында «Заң мен тәртіп» жобасы шеңберінде мазмұндама жазу жұмысы ұйымдастырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыру, заңға деген құрметін нығайту, қауіпсіз қоғам қалыптастырудағы рөлін түсіндіру.
Мазмұндама екі бағытта жүргізілді:
7–8 сыныптар «Заң мен тәртіп – бейбітшілік пен әділдікке бастайтын жол» атты тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсірді. Бұл мәтінде оқушылар заңның қоғам өміріндегі орны, ортақ ережелердің маңыздылығы мен бейбіт өмірдің негізі ретінде тәртіптің қажеттілігін талдады.
9–11 сыныптар «Полиция мен балалар — қауіпсіздік үшін бірге» тақырыбында жұмыс орындап, жасөспірімдердің қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудағы рөлі, полиция қызметімен өзара ынтымақтастықтың маңызы және жеке жауапкершілік туралы ой қорытып жазды. Конфуцийдің «Әлемді өзгерткісі келген адам әуелі өзін өзгертуі керек» деген даналық сөзі оқушыларға бағыт-бағдар болды.
Аталған шараға біздің мектебімізден 7–11 сыныптағы 73 оқушы қатысып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған мазмұнды жұмыстар жазды. Мектеп оқушылары тақырыптың мәнін терең түсініп, қоғамдағы заң мен тәртіптің маңызын өз көзқарастары арқылы жеткізе білді.
Бұл жұмыс жас буынның азаматтық жауапкершілігін күшейтіп, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеуде маңызды іс-шаралардың бірі болды.

ээх

© 2025. Все права защищены.