“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес 2025 жылғы 25 қараша күні Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қ.Н. Сатыбаевтың қатысуымен «Өз әрекеттері үшін жауапкершілік» тақырыбында ақпараттандыру және құқықтық сабақ өткізілді.
Іс-шара барысында 9–11 сынып оқушыларына келесі бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді:
— дроперлік және оның қауіпті салдары;
— нашақорлықтың алдын алу;
— суицид, буллинг және кибербуллингтің алдын алу;
— темекі өнімдері мен өзге де зиянды әдеттердің денсаулыққа әсері;
— оқу процесі кезінде телефон пайдалануға қатысты тәртіптік талаптар;
— кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы әрекеттердің (педофилия және өзге де жыныстық сипаттағы қылмыстар) алдын алу, балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушыларға бейнематериалдар ұсынылып, полиция қызметкері өмірлік жағдайлардан нақты мысалдар келтіріп, оқушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
https://www.instagram.com/reel/DRexKpAiHno/?igsh=MXIxdnExbXpmcjhraQ==




