2025 жылғы 26 қарашада “Адал азамат” тәрбие бағдарламасы және «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында 7–10 сынып қыздарына арналған “Ерте жүктіліктің алдын алу” семинар-тренингі өтті. Шараны аудандық орталықтандырылған аурухананың акушер-гинекологы Бекзат Нұрмағамбетұлы және мектеп психологы Аймереке Сматқызы жүргізді.
Семинардың мақсаты – қыз балаларға ерте жүктіліктің алдын алу туралы медициналық, психологиялық және әлеуметтік ақпарат беру. Сонымен бірге жеке жауапкершілікті қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлыққа үйрету және өз денсаулығын қорғау дағдыларын дамыту болды.
Гинеколог маман ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа әсері және оны болдырмау жолдары туралы түсіндірді. Мектеп психологы оқушыларға эмоциялық шекара, қысымнан қорғана білу және қауіпті жағдайларды тану туралы кеңес берді.
Семинар барысында қыздарға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және қажет жағдайда көмек сұрай білу жолдары түсіндірілді.
https://www.instagram.com/reel/DRjhwE4iLK6/?igsh=MWZ4aGFsMzB4MWxweg==




