2026 жылғы 12 қаңтарда 1–4 сынып оқушыларына қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында «Менің құқықтарым – менің жауапкершілігім» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Аталған шараны аудандық полиция бөлімінің қызметкері Аязбаева Д.К. жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік беріліп, заңды сақтау – әрбір азаматтың борышы екені түсіндірілді. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігі, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолда жүру ережелері және мектептегі тәртіп нормалары жан-жақты талқыланды.
Шара соңында оқушылармен кері байланыс ұйымдастырылып, олардың не ұққаны, қандай ақпарат алғаны туралы пікір алмасу жүргізілді. Балалар өз ойларын айтып, қауіпсіздік ережелерін сақтау, бір-бірін құрметтеу және заңға бағынудың маңызын түсінгендерін жеткізді.
Бұл кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапты әрі тәртіпті азамат болып қалыптасуына ықпал етті.
https://www.instagram.com/reel/DTZ7OzTiA5y/?igsh=MWttd2R4bWF1cjM2NQ==




