"Отбасы тәрбиенің алтын бесігі" челлеенджінің қатысушылары 6"А"сыныбының оқушылары.
Отбасы – баланың ең алғашқы тәрбиелік ортасы. Баланың мінез-құлқы, әдет-дағдысы, дүниетанымы ең алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. Ата-ананың мейірімі, қамқорлығы, үлгісі – жас ұрпақ үшін өмірлік мектеп.
Ата-ананың рөлі мына бағыттарда ерекше:
Ұлттық құндылықтарды дарыту – салт-дәстүрді, ана тілін, мәдениетті үйретіп, болашаққа жеткізу
Жеке тұлғалық үлгі – ата-ананың іс-әрекеті, қарым-қатынасы бала үшін ең басты тәрбие құралы.
Сондықтан, ата-ана – отбасы тәрбиесінің негізгі тірегі, ал олардың дұрыс берген тәлім-тәрбиесі баланың өмірлік бағытын айқындайды.
https://www.instagram.com/reel/DOoWM2IE2E8/?igsh=MWJ1NjdxbncxbnB4dQ==
«Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» челленджінің қатысушылары 5"А" сыныбының оқушылары.
Бұл челлендждің негізгі мақсаты – отбасындағы сыйластықты, бірлікті, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Отбасы – әрбір адамның ең алғашқы тәлім-тәрбие мектебі, адамгершілік қасиеттердің қалыптасатын алтын ұясы.
Челлендж барысында:
Отбасылық құндылықтарды насихаттайтын бейнероликтер, фотосуреттер, өлеңдер, нақыл сөздер жарияланады;
Әр қатысушы өз отбасынан жылы сәттермен бөлісіп, өзгелерге үлгі көрсетеді;
Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қамқорлығы мен сүйіспеншілігі насихатталады.
Ұраны:
«Берекелі отбасы – бақытты елдің тірегі!»
https://www.instagram.com/p/DOoUzmcCP1T/?igsh=czB1cWJ2ZDR0OTM2