Жоба аясында әр сынып деңгейінде тәрбиеге бағытталған қызықты іс-шаралар ұйымдастырылуда:
✨ 1-сыныптарда – «Отбасылық әңгіме» өткізіліп, ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынас нығая түсті.
🎲 2-сыныптарда – «Отбасылық шағын ойын» ұйымдастырылып, оқушылар ата-аналарымен бірге көңілді уақыт өткізді.
📸 3-сыныптарда – «Отбасылық фотосессия» жасалып, есте қалатын жарқын сәттер сақталды.
🕘 4-сыныптарда – «Менің бір күндік күн тәртібім» тақырыбында оқушылар өз күнін жоспарлауды үйренді.
🤝 5-сыныптарда – «Ата-анаға үй шаруасына көмектесу» іс-шаралары өткізіліп, оқушылар еңбекке баулынды.
Бұл жобаның мақсаты – оқушылардың отбасылық құндылықтарды сақтауға, еңбек сүйгіштікке және жауапкершілікке баулу.
https://www.instagram.com/p/DRMpPyzCLzq/?igsh=a2s4N3ppOWxrZ21l




