Биылғы оқу жылында мектебіздегі барлық 344 оқушы толықтай оқулықпен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 1-сыныптар 37 оқушы, толықтай оқулықпен және жазу дәптерлерімен қамтылды. 3-сыныптарға еңбекке баулу, бейнелеу өнері, орыс тілі, ағылшын тілі оқулықтары Е-Таңдау платформасында пән мұғалімдерінің қалауымен таңдалып, толықтай осы пәндер жаңа бағдарлама бойынша ауыстырылды.Сондай-ақ, 7-сыныптарға қазақ тілі оқулығы,8-сыныптарға дүниежүзі тарихы, 9-сыныптарға Қазақстан тарихы және география оқулықтары жаңа бағдарламада ауыстырылып, таратылды.





