«Балалар кітапханасы» және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік – ел бақыты!" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Тәуелсіздікке арналған кітаптар мен материалдармен танысты. Мақсаты:балалардың отан сүйгіштік сезімін арттырып, ел тарихына деген құрметін қалыптастыруға үлес қосу.Шара барысында оқушыларға Тәуелсіздік тарихы мен оның маңыздылығы түсіндірілді. Бұл іс-шара балалардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, патриоттық сезімдерін нығайтуға бағытталды.





