«Біртұтас тәрбие » бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 9 – ақпан Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған «Мұқағали мұрасы-қазақтың қазынасы» атты мәнерлеп оқу сайысы өтілді.Мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.





