«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қазақтың көрнекті жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Сапарғали Бегалиннің 130 жылдық мерейтойына арналған «Қазыналы қаламгер» атты әдеби сағат өткізілді. Мақсаты – жазушының өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыру, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, ұлттық әдеби мұраны құрметтеуге тәрбиелеу.





