“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Балалар кітапханасы» жобасы негізінде мектеп кітапханасында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай 2-4 сынып оқушылары арасында «Мұқағали мұрасы қазақтың қазынасы» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру, көркем сөз оқу мәдениетін қалыптастыру.
Сайыс барысында қатысушылар ақынның жүрекке жылы тиетін өлеңдерін жоғары деңгейде мәнерлеп оқып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Олар өз өнерлерін көрсете отырып, Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына деген терең кұрметтерін білдірді.
Аталған іс-шара жас дарындарды қолдап, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік берді. Оқушылардың өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, ақын мұрасын жас ұрпақтың жаңаша көзқараспен қабылдауына жол ашты.
Мәнерлеп оқу сайысының қорытындысы бойынша:
І орын иегерлері:
- 4 «А» сынып оқушысы Өмірзақ Жұмагүл;
- 4 «Б» сынып оқушысы Каиртасов Нурасыл.
ІІ орын иегерлері:
- 4 «Б» сынып оқушысы Амангелді Амина;
- 4 «Б» сынып оқушысы Зинатқызы Әмина.
ІІІ орын иегерлері:
- 4 «А» сынып оқушысы Еркін Жұпар;
- 3 «Б» сынып оқушысы Амангелді Ақбаян
https://www.instagram.com/reel/DUa8-orCPJJ/?igsh=MTB3bzk4aDhldzBkNw==




