ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел

2026 жылғы 18 ақпанда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде және «Балалар кітапханасы» жобасы аясында қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жамбылдың жырлары» атты көркемсөз байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мектептің кітапхана меңгерушісі С. Садуакасованың ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған кең көлемді кітап көрмесі қойылып, оқушыларға ақын туралы толық ақпарат берілді. Көрмеде ақынның жыр жинақтары, естеліктер мен танымдық материалдар ұсынылды.
Жамбыл атамыз – қазақ поэзиясының асқақ тұлғасы, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған ақын. Оның жырлары – елдік пен ерліктің, адамгершілік пен отансүйгіштіктің жарқын айғағы, ұрпаққа өнеге болып қала береді.
Бүгінгі байқауда бастауыш сынып оқушылары ақынның өлеңдерін шеберлікпен мәнерлеп, жатқа айтып, өздерінің көркем сөз өнерін көрсетті. Балалар сахнада сөздің күші мен эмоциясын әсерлі жеткізіп, көрермендердің жүрегіне жол тапты.
Қатысушылар төмендегі критерийлер бойынша бағаланды:
– Өлеңді жатқа айту шеберлігі;
– Дауыс ырғағы мен дикциясы;
– Мәтін мазмұнын толық түсінуі;
– Сахна мәдениеті мен сценалық көрінісі;
– Жалпы көркемдік әсері.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар:
І орын:
4 «Б» сынып оқушысы Қанат Қарақат
4 «А» сынып оқушысы Еркін Жұпар
ІІ орын:
4 «Б» сынып оқушысы Қанат Айсұлтан
3 «А» сынып оқушысы Тайтелиева Айша
ІІІ орын:
4 «Б» сынып оқушысы Оспанов Алан
3 «Б» сынып оқушысы Амангелді Ақбаян
Қалған қатысушылар – Өмірзақ Жұмагүл, Жанатбек Ерназар, Мәндібаяр Дінмұхаммед белсенді қатысқандары үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Барлық оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің өнерлеріңіз – Жамбыл Жабаев шығармашылығының асыл мұрасын бойымызға сіңірудің жарқын көрінісі. Алдағы уақытта да шығармашылық ізденістеріңіз бен сахнадағы шеберліктеріңіз арта берсін!

https://www.instagram.com/reel/DU6CHhMiF76/?igsh=eTJjdWZ5Z2Fzd3F4

© 2026. Все права защищены.