2026 жылғы 10 маусым күні «Ұлы даланың ұлағатты тұлғалары» облыстық бірыңғай күні аясында кітапханада «Абай сөзі – халықтың қазынасы» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар ұлы ақын, ағартушы шығармашылығымен тереңірек танысып, оның өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік мәні жайында ой бөлісті. Сонымен қатар қатысушылар Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, рухани кештің мазмұнын әсерлі жыр жолдарымен қорытындылады.
Шара барысында Абайдың шәкірті, көрнекті ақын шығармашылығына да ерекше тоқталды. Оқушылар Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның терең ойлы туындыларының тәрбиелік мәні туралы пікір алмасты.

https://www.instagram.com/reel/DZZiL32OP8J/?igsh=MWtvOXhwYmVpbnVuNQ==




