Мектеп психологі Смайлова А.С.9-маусымда "Өркен" ұлттық ғылыми практикалық институтының тапсырмасы бойынша қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында "Буллинг-қалай өзіңді тануға, әрекет етуге және қорғауға болады!» деген тақырыпта оқушылармен интерактивті психологиялық тренинг ұйымдастырды. Өзін-өзі қорғау және сенімді мінез-құлық дағдыларын дамыту, бір-бірлеріне қолдау көрсету және немқұрайлы болмауды үйрету, сонымен қатар эмпатия мен түрлі адамдарға деген құрметті тәрбиелеу мақсаттарында түрлі жаттығулар мен топтық пікірталастар өткізілді.





