Мектепішілік жалпыата-аналар жиналысында ата-аналарды ақпараттандыру сағаты
Жоспары:
- Ата-аналардың позитивті көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Позитивті ойлау-жетістікке апарар жол» (слайд-презентациясымен шағын кеңестік әңгіме
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Өркен» БƏАҰҒПИ КеАҚ ұсынған өзгерістерге сай жасалынатын және «ДосболLIKE» бағдарламасы негізінде оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмыстары жөнінде ақпараттандыру.
- Ата-ананың немесе өзге де заңды өкілдің психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге келісімі (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығына сай) туралы түсіндіріп, ата-ана келісімінің маңыздылығын айту
- "КҮН" БЕЙНЕЛЕУ ЖАТТЫҒУЫ. Ата-аналарға жағымды психологиялық ахуал, мотивация беру мақсатында.
Жалпы ата-аналар жиналысында ата-аналарға жоғарыдағы жспарға сай мәліметтер берілді, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу маңыздылығы айтылды.
Ата-аналардың позитивті көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Позитивті ойлау-жетістікке апарар жол» (слайд-презентациясымен шағын кеңестік әңгіме жүргізілді. Ата-ананың позитивті ойлауы-баланың да позитивті ойлауын туындатады, ал бұл өз кезегінде баланың өмірге көзқарасын дұрыс қалыптастырады. Психикалық денсаулығының да дамуына, қалыпты болуына жақсы да жағымды ойлар әсер ететіндігі жөнінде түсіндіріліп, мысалдар келтірілді. Ата-аналар психолог ойын жақсы қабылдады деуге болады.
Ата-ананың немесе өзге де заңды өкілдің психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге келісімі (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығына сай) туралы түсіндіріп, ата-ана келісімінің маңыздылығы айтылды. Жиналысқа қатысқан барлық ата-аналар психологияны жалпы қолдайтындығын айтты. Қарсы болған ата-аналар болмады. Жиналысқа келмеген ата-аналарға қосымша сынып жетекшілері арқылы түсініктеме берілетіндігі ескертілді. Сынып жетекшілергі келісім қағаздары таратылды.
Жиналыс соңында Ата-аналарға жағымды психологиялық ахуал, мотивация беру мақсатында "КҮН" БЕЙНЕЛЕУ ЖАТТЫҒУЫ, яғни визуализациялық тренинг өткізілді.
Ақпараттандыру сағатының жағымды өткендігі ата-аналардың жақсы көңіл-күйлерінен байқалды деуге болады.
Қосымша:
"КҮН" БЕЙНЕЛЕУ ЖАТТЫҒУЫ
Мақсаты: релаксация, жағымды тәжірибе алу.
Жайлы жайғасып отырып, көзімізді жұмамыз. Әдемі әсем әуенді тыңдап отырып, менің айтқандарымды елестетіп көріңіздер:
Өзіңізді таңертең күн шуағына бөленіп тұрғаныңызды елестетіп көріңіз.
Біраз уақыт таңертеңгі тыныштықты тыңдаңыз.
Күн көкжиектен жартылай көрінгенде, оның алтындай жалтыраған шағылысы көрінеді. Сіз дененің жарқыраған жарыққа толы байланысын сезінесіз.
Сіз өзіңізді жарықпен қапталғандай сезінесіз. Енді сіздің денеңіз күннің өмір беретін энергиясына шомылады. Сіздің сезімдеріңіз оның жылуына толы. Сіздің ойыңыз оның нұрымен жарқырайды.
Осы кезде сіз балаларыңызды елестететесіз. Олар өте бақытты, күлімдеген балаларыңызды сізді келіп құшақтап, алғысын айтуда. Менің балаларым қандай керемет, ең бақытты, менің сүйікті балаларым деп жақсы ойда бақытқа бөленіп отырсыз. Сіз осындай жылу мен жарықтың бір бөлігін сақтай отырып, жарқыраған жарықпен қапталған күйіңізде, көзіңізді ашып осы жерге ораласыз.