Мектебімізде 9–11 сынып оқушыларына арналған маңызды тәрбиелік шара өтті. Оқушылар Кітап бетбелгілері емес және Хулиганка фильмдерін талдау арқылы өмірлік маңызды тақырыптарды тереңінен қарастырды.
Шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық санасын қалыптастыру, сыни ойлауын дамыту және түрлі қауіп-қатерлерге саналы көзқарас қалыптастыру.
Киноталдау барысында оқушылар: есірткі бизнесіне тартылу қаупі мен оның салдарын;
буллинг пен агрессияның себептері мен зардаптарын; қысымға қарсы тұру және дұрыс таңдау жасау жолдарын талқылады.
«Көремін – Ойлаймын – Қорытынды жасаймын» және «Көремін – Ойланамын – Әрекет етемін» әдістері арқылы білім алушылар өз ойларын еркін білдіріп, топтық жұмыстарға белсенді қатысты.
Талқылау барысында:
✔️ қауіпті жағдайларды тану;
✔️ жауапты шешім қабылдау;
✔️ өз әрекетінің салдарын түсіну дағдылары дамытылды. Шараға мектеп әкімшілігі, психологтар, ата-аналар қауымдастығы және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, оқушылармен ашық диалог құрды.
Қорытынды:
Әрбір әрекет – таңдау, ал әр таңдау – жауапкершілік. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың қауіпсіз әрі саналы өмір сүруіне бағыт береді.
https://www.instagram.com/p/DWD-3yjiBtx/?igsh=Ym5veWdyN2ZqOWNt




