Тақырып: «Қыз — ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты дөңгелек үстел
Мақсаты: Заманауи қазақ қызының бейнесін қалыптастыру, ұлттық құндылықтар мен ана тілін құрметтеуге баулу, жаһандану дәуіріндегі әдеп пен тәрбие мәселелерін талқылау.
Өткізілу мерзімі: 6.03.2525 жыл
село: Шарбақты
Мектеп: Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ.
Класс: 9-11 сынып қыздары Қатысушылар саны: 20
Іс-шараның қысқаша талдауы: Дөңгелек үстел еркін сұхбат түрінде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында келесі негізгі мәселелер көтерілді:
- Дәстүр мен заманауилық: Оқушылар заманауи қазақ қызының бойында тек терең білім ғана емес, ұлттық иба мен әдептің болуы маңызды екенін атап өтті.
- Тіл мәселесі: Аналар кеңесінің мүшелері ана тілін білмеу — өз тамырынан қол үзу екенін түсіндіріп, қыздарды мемлекеттік тілде сөйлеуге шақырды.
- Интернет мәдениеті: Әлеуметтік желілердегі мінез-құлық пен шынайы өмірдегі қазақи ұяңдықтың аражігі талқыланды.
Практикалық бөлім: Психологтың жетекшілігімен «Құндылықтар моншағы» тренингі өткізілді. Бұл жаттығу арқылы оқушылар ибалық, білімділік, тілді құрметтеу сияқты қасиеттердің өзара байланысын түсінді. Қыздар өз ойларын ашық айтып, аналардың ақыл-кеңестерін тыңдады. Іс-шара соңында «Ақ жаулықты аналар» бата беріп, қыздарға ақ жол тіледі. Оқушылар заманауилық — тренд қуу емес, ұлттық болмысты сақтай отырып, әлемдік білімді игеру екенін ұғынды. Іс-шара өз мақсатына жетті, қатысушылар ерекше әсермен тарқасты.
Өткізілген шара бойынша сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DVvcXUuiLfx/?igsh=MTRpc3F2cWNkNmtyZQ==
Жауапты адамның аты-жөні, телефоны: Смайлова Аймереке Сматовна. 87773813941





