2026 жылғы 9 ақпанда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Мамандықтар әлемі» тақырыбында 9–11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті.
Аталған шараға Шарбақты аграрлық колледжінің өкілі қатысып, оқушыларға болашақ мамандықты саналы таңдаудың маңызы туралы профориентациялық ақпарат ұсынды.
Кездесу барысында колледжде оқытылатын мамандықтар, оқу үдерісінің ерекшеліктері, білім алушыларға жасалатын мүмкіндіктер мен түлектердің жұмысқа орналасу жолдары жан-жақты таныстырылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы әрі мазмұнды ақпарат алды.
Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің кәсіби бағдарын айқындауға қолдау көрсету, еңбекке құрметпен қарауға және болашаққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды.
https://www.instagram.com/reel/DUk-C3ZCF0N/?igsh=ZjlsMXI1ZDQ1bzRv




