Мектебімізде биология күні аталып өтті. Бұл күні оқушылар үшін ерекше әрі танымдық шаралар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тірі ағзаларға тән қасиеттер, олардың құрылысы мен тіршілік әрекеттері туралы қызықты мәліметтер айтылып, түрлі биологиялық терминдерге байланысты ойындар өткізілді. Оқушылар өз білімдерін сынап, белсенділік танытты.
Күн 8-сыныптар арасында ұйымдастырылған «Ғажайып ағза» атты интеллектуалдық ойынмен жалғасты. Бұл ойында қатысушылар логикалық сұрақтарға жауап беріп, биология пәні бойынша білімдерін ортаға салды. Тапсырмалар қызықты әрі тартымды болды. Нәтижесінде оқушылар өздерінің тапқырлығын, жылдамдығын және пәнге деген қызығушылығын көрсете білді.
Биология күні барша оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, білімдерін тереңдетуге үлкен мүмкіндік берді.
https://www.instagram.com/reel/DVJbY2hiFud/?igsh=MWxvb3JqaTkxeGl1aQ==




