Мектепішілік "Адал ұрпақ" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған “Жайдарлы жас ұлан” сайысының мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, командалық жұмысқа баулу, тапқырлық пен шапшаң ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Сайысқа 4 команда қатысты. Әр команда сәлемдесу және биатлон әзіл-ысқақ көріністері бойынша өзара бақ сынады. Қатысушылар белсенділік танытып, жоғары деңгейде дайындық көрсетті. Көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша: Бас жүлдені 6"б" сынып оқушылары "ДО STAR" командасы иеленді.
1-орынды 5" сынып оқушылары 5G командасы иеленді.
2-орынды "Number One" командасы иеленді.
3-орынды 9 сынып оқушыларынан жасақталған "Болашақ қырандар" иеленді.
Сайыс жалпы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына толық жетті. Оқушылардың қызығушылығы артты, бірлік пен достық рухы нығайды.
https://www.instagram.com/reel/DRUhyW4iCrv/?igsh=MXRrMGx0cHY1cmN4MA==




