“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған “Адал жүректі еріктілер жасағы” шарасы барысында 9 «А» сынып оқушыларының бастамасымен “Қамқор жүрек – таза мектеп” челенджі бастау алды.
9 «А» сынып оқушыларының үлгі боларлық бастамасын 5 «А», 5 «Б», 6 «Б», 8 «Б», 9 «Б», 10-сынып оқушылары да жалғастырып, өз сыныптарын тазалап, мектепке деген құрмет пен жауапкершілікті іс жүзінде көрсете білді.
Бұл шара – оқушылардың еңбексүйгіштік, ұжымдық жауапкершілік және қоршаған ортаға жанашырлық сияқты асыл қасиеттерін дамытуға бағытталған тамаша бастама болды.
Осындай игілікті шараны ұйымдастырған 9 «А» сынып оқушыларына және сынып жетекшісі Айтжамал Мадатқызына үлкен алғыс білдіреміз!
Ізгі ниетпен басталған әр бір қадам – мектеп өмірін жақсартуға қосылған үлес.
https://www.instagram.com/reel/DRi5zeJiErj/?igsh=b2dhbGc1ajBoaGtm




