Мектебіміздің бастауыш сыныптарында «Қауіпсіз қыс» тақырыбында маусымдық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сынып жетекшілері оқушыларға қарлы әрі көктайғақ кезеңде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, сұрақ-жауап арқылы бекітіп, бейнематериал көрсетіп, қысқы қауіп-қатерлердің алдын алу жөнінде әңгімелесу ұйымдастырды.
Спорт нұсқаушысы қысқы ойындар барысында және дене шынықтыру сабақтарында қауіпсіздік талаптарын практикалық түрде көрсетіп, балалардың дұрыс қозғалыс дағдыларын меңгеруіне көмектесті.
Бұл шара оқушылардың қыс мезгілінде өз қауіпсіздігін сақтау туралы түсінігін кеңейтіп, жауапкершілік дағдыларын нығайтуға бағытталды.
https://www.instagram.com/reel/DRjgPFVCMy7/?igsh=endmdGNxY3F6ejh2
https://www.instagram.com/reel/DRjaD2liPDS/?igsh=MWR3N3Uzc2F3a3c5




