“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, 2026 жылғы 1 сәуір күні «Қазіргі заманның батырлары» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараның мақсаты – оқушыларға ел қорғау қызметінің маңызын түсіндіру, отансүйгіштік сезімдерін арттыру және құқық қорғау органдарының қызметімен таныстыру болды.
Осы мақсатта Шарбақты ауданындағы «Дархан» шекара бөліміне 10–11 сынып оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушылар шекара қызметкерлерінің күнделікті атқаратын жұмыстары, олардың жауапкершілігі мен қызмет ерекшеліктері туралы толық мәлімет алды. Сонымен қатар, шекарашылар пайдаланатын арнайы құрал-жабдықтар мен қару-жарақ түрлерімен танысты.
Іс-шараның ерекше қызықты бөлігі – қызметтік иттердің жұмысы болды. Оқушылар шекарада тыйым салынған заттарды анықтау мақсатында арнайы дайындықтан өткен иттердің қызметін көріп, олардың шеберлігіне куә болды.
Бұл экскурсия оқушылардың құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттырып, ел тыныштығын күзететін мамандықтарға деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен қатар, жас ұрпақтың бойында патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға өз үлесін қосты.
https://www.instagram.com/reel/DWnGC81CMe-/?igsh=MXJmemk2emgwdm85cw==




