«Таза Қазақстан» акциясы аясында мектебімізде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және оқушыларды еңбекке баулу мақсатында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға педагогтар мен оқушылар белсенді қатысып, мектеп ауласын абаттандыру, қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік барысында мектеп аумағы мұқият тазартылып, қураған жапырақтар мен артық қоқыстар жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Аула келбетін көріктендіру мақсатында тазалық жұмыстары жүйелі түрде атқарылып, әрбір қатысушы өз үлесін қосты.
Сонымен қатар, былтырғы жылы егілген алма ағаштарына ерекше көңіл бөлініп, олардың түптері қопсытылып, айналасы ретке келтірілді.
Осындай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
https://www.instagram.com/reel/DXjRegJiNsa/?igsh=OHFlbTllbnpxOGd4




