ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
31
марта
2026

Тақырып: «Қыз — ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты дөңгелек үстел

Мақсаты: Заманауи қазақ қызының бейнесін қалыптастыру, ұлттық құндылықтар мен ана тілін құрметтеуге баулу, жаһандану дәуіріндегі әдеп пен тәрбие мәселелерін талқылау.

Өткізілу мерзімі: 6.03.2525 жыл

село: Шарбақты

Мектеп: Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ.

Класс: 9-11 сынып қыздары    Қатысушылар саны: 20

Іс-шараның қысқаша талдауы: Дөңгелек үстел еркін сұхбат түрінде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында келесі негізгі мәселелер көтерілді:

  1. Дәстүр мен заманауилық: Оқушылар заманауи қазақ қызының бойында тек терең білім ғана емес, ұлттық иба мен әдептің болуы маңызды екенін атап өтті.
  2. Тіл мәселесі: Аналар кеңесінің мүшелері ана тілін білмеу — өз тамырынан қол үзу екенін түсіндіріп, қыздарды мемлекеттік тілде сөйлеуге шақырды.
  3. Интернет мәдениеті: Әлеуметтік желілердегі мінез-құлық пен шынайы өмірдегі қазақи ұяңдықтың аражігі талқыланды.

Практикалық бөлім: Психологтың жетекшілігімен «Құндылықтар моншағы» тренингі өткізілді. Бұл жаттығу арқылы оқушылар ибалық, білімділік, тілді құрметтеу сияқты қасиеттердің өзара байланысын түсінді. Қыздар өз ойларын ашық айтып, аналардың ақыл-кеңестерін тыңдады. Іс-шара соңында «Ақ жаулықты аналар» бата беріп, қыздарға ақ жол тіледі. Оқушылар заманауилық — тренд қуу емес, ұлттық болмысты сақтай отырып, әлемдік білімді игеру екенін ұғынды. Іс-шара өз мақсатына жетті, қатысушылар ерекше әсермен тарқасты.

Өткізілген шара бойынша сілтемесі:  https://www.instagram.com/reel/DVvcXUuiLfx/?igsh=MTRpc3F2cWNkNmtyZQ==

Жауапты адамның аты-жөні, телефоны: Смайлова Аймереке Сматовна. 87773813941 

кем

31
марта
2026

Тақырып: «Менің шекарам және таңдауым» атты дөңгелек үстел

Мақсаты: Оқушы қыздардың репродуктивті денсаулық саласындағы сауаттылығын арттыру, келеңсіз жағдайлардың алдын алу, тұлғалық шекараны қорғай білу дағдыларын қалыптастыру.

Өткізілу мерзімі: 2026 жылғы 23 ақпан

село: Шарбақты

Мектеп: Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ.

Класс: 9    Қатысушылар саны: 15

Іс-шараның қысқаша талдауы: Шара барысында қыздармен ашық әрі еркін форматта әңгіме жүргізілді. Денсаулықтың маңыздылығы, жеке қауіпсіздік, ерте жүктіліктің алдын алу, жауапты шешім қабылдау, өз құқығын білу және өзін құрметтеу мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар 25 жаста ана болу мен ерте ана болудың қиындықтарын салыстырып, карточкалармен тапсырмалар орындады. Қатысушылар өз ойларын еркін білдіріп, толғандырған сұрақтарына нақты жауап алды.

         Кездесу барысында сенімділік пен өзара құрметке негізделген жағымды психологиялық орта қалыптасты. Қыздардың өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға, өмірлік маңызды таңдауларды саналы түрде жасауына бағытталған мазмұнды пікір алмасу жүзеге асты.

Өткізілген шара бойынша сілтемесі:

https://www.instagram.com/reel/DVG3G85iIlg/?igsh=MXI3ZGFhZng0NDZxcA==


Жауапты адамның аты-жөні, телефоны: Смайлова Аймереке Сматовна. 87773813941 

Рисунок1Рисунок2

 

 

26
марта
2026

Мектебімізде 9–11 сынып оқушыларына арналған маңызды тәрбиелік шара өтті. Оқушылар Кітап бетбелгілері емес және Хулиганка фильмдерін талдау арқылы өмірлік маңызды тақырыптарды тереңінен қарастырды.
Шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық санасын қалыптастыру, сыни ойлауын дамыту және түрлі қауіп-қатерлерге саналы көзқарас қалыптастыру.
Киноталдау барысында оқушылар: есірткі бизнесіне тартылу қаупі мен оның салдарын;
буллинг пен агрессияның себептері мен зардаптарын; қысымға қарсы тұру және дұрыс таңдау жасау жолдарын талқылады.
«Көремін – Ойлаймын – Қорытынды жасаймын» және «Көремін – Ойланамын – Әрекет етемін» әдістері арқылы білім алушылар өз ойларын еркін білдіріп, топтық жұмыстарға белсенді қатысты.
Талқылау барысында:

✔️ қауіпті жағдайларды тану;
✔️ жауапты шешім қабылдау;
✔️ өз әрекетінің салдарын түсіну дағдылары дамытылды. Шараға мектеп әкімшілігі, психологтар, ата-аналар қауымдастығы және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, оқушылармен ашық диалог құрды.
Қорытынды:
Әрбір әрекет – таңдау, ал әр таңдау – жауапкершілік. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың қауіпсіз әрі саналы өмір сүруіне бағыт береді. 

https://www.instagram.com/p/DWD-3yjiBtx/?igsh=Ym5veWdyN2ZqOWNt

 

11
марта
2026

2026 жылғы 23 ақпанда мектебімізде 9-сынып қыздарына арналған «Менің шекарам және таңдауым» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушы қыздардың репродуктивті денсаулық саласындағы сауаттылығын арттыру, келеңсіз жағдайлардың алдын алу, тұлғалық шекараны қорғай білу дағдыларын қалыптастыру.
Шара барысында қыздармен ашық әңгіме жүргізіліп, денсаулықтың маңыздылығы, жеке қауіпсіздік, ерте жүктіліктің алдын алу, жауапты шешім қабылдау және өз құқығын білу мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар өз ойларымен еркін бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.
Кездесу барысында сенімділік пен өзара құрметке негізделген орта қалыптасып, қыздардың өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға бағытталған мазмұнды пікір алмасу өтті.
Іс-шараны мектеп педагог-психологы Смаилова А.С. өткізді.

https://www.instagram.com/reel/DVG3G85iIlg/?igsh=MXhzMmg2ZW1kbXZwNw==

10
марта
2026

Ағымдағы жылдың қаңтар айының жиырма екісі “Жанұя жылуы” жобасы бойынша ата-аналардың балаларымен қысымсыз, өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа және эмоционалды байланысқа негізделген тиімді қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру мақсатында
“Калай келісуге болады?» такырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Сонымен қатар Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының (АПҚО) жұмысы аясында жоспарланған ата-аналарға баланы эмоционалды қолдаудың маңыздылығын түсіндіру; ата-аналарға өз жағдайын тұрақтандыру әдістерін үйретуге негізделген «ҚАУІПСІЗДІК ПЕН СЕНІМНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАЙМЫЗ» атты тренинг элементтерімен сабақ өткізілді. Кездесу соңында Ата-аналарға «Өз эмоцияларымызды саналы түрде қабылдау дағдыларын қалай дамытуға болады» жадынамасы таратылып, үй жағдайында жасауға болатын «Тыныштық тынысы» атты қарапайым жаттығулар ұсынылды.

https://www.instagram.com/reel/DT2hrEuCJDS/?igsh=MWlqbHFzaWE2aXQxYw==

3
февраля
2026

Ағымдағы оқу жылының 2-ақпанында мектеп психологі Смайлова А.С ата-аналарға арналған «Баланың өмір қауіпсіздігі: аутодеструктивті мінез-құлық пен буллингтің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында ата-аналарға баланың психологиялық қауіпсіздігі, буллинг түрлері, қауіп белгілері және алдын алу жолдары туралы слайдтар арқылы түсіндіріліп, мәлімет берілді. Ата-аналарға баламен сенімді қарым-қатынас орнату, дер кезінде қолдау көрсету және қажет жағдайда маман көмегіне жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.

ата1

ата2

ата3

ата4

ата5

9
января
2026

« Алақай мен 1 сынып оқушысымын» атты  тренинг өтілді. Мақсаты: Оқушыларды бір-бірімен таныстыру, қарым-қатынас орнату.  Сыныпта эмоционалдық жағымды ахуал қалыптастыру. Оқушылардың өзін таныстыру дағдыларын дамыту. Ұялшақтық, тұйықтықты азайту. Сыныпта сенім, ашықтық пен сыйластық орта қалыптастыру.

ееееей

© 2026. Все права защищены.